АЛПЫСОВ
Болат Кенесович
Ірі акционер, Директорлар Кеңесінің Төрағасы
«Нұрбанк» АҚ, «Стандарт Ойл Снаб» ЖШС, «Акител» ЖШС, «Металлургический индустриальный альянс» ЖШС, «Kazsat» АҚ ұйымдарында басшылық қызметін атқарған. 2013 жылы «Сенім-Банк» АҚ-да Директорлар Кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметіне тағайындалды.
2014 жылдан бері «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-да (2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгерді) Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.
«Евразиялық гуманитарлық институтында» заңгер мамандығы бойынша жоғарғы білім алған.
АСИЛОВ
Рамазан Танирбергенович
Басқарма Төрағасы
Еңбек қызметін 2004 жылдан ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінде бастаған. 2011 жылға дейін жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарып кәсіби өскен. 2011 жылдың шілдесінен бастап «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалы Директорының орынбасары, 2012 жылдың наурызынан бастап Директоры болып тағайындалды.
Осы қызметімен қатар 2012-2014 жылдар арасында «Банк РБК» АҚ-ның Қор басқарма жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың маусымынан бастап «Zurich Investment Management» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.
2014 жылдың наурыз айынан бастап «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-да (2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгерді) Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де экономика мамандығы бойынша жоғарғы білім алған. ҚР Ұлттық Банкінің «Банк ісі» мамандығы бойынша МВА бағдарламасын аяқтаған.
ИШТАЕВ
Андрей Анатольевич
Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма мүшесі
1994-2005 жылдар аралығында «Алматинский фонд недвижимости» АҚ, «Инвест-Сервис» инвестициялық компаниясы» АҚ, Бағалы қағаздар бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «ТуранАлем Секьюритис» ЖШС, «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Қазақстан Индустриялдық банкі» АҚ-да жетекшілік қызмет атқарды.
2005 жылы «Алматы қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды. 2006 жылдың қыркүйегінде «First Investment» АҚ-да Вице-президент лауазымына ие болды. 2010 жылдың мамыр айынан бастап «Саяхат Инвест» ЖШС-нің Вице-президенті болып тағайындалды.
2014 жылдан бастап «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-да (2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгерді) Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды.
«Қазақ мемлекеттік басқару академиясында» жоғарғы білім алған.
ЛИ
Владимир Геннадьевич
Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма мүшесі
Қаржы жүйесіндегі жалпы еңбек тәжірибесі 18 жылдан асады. Еңбек қызметін 1996 жылы «Темірбанк» АҚ-да бастаған.
1998 жылы «Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры» АҚ-да Активтерді басқару және сараптау бөлімінің Басшысы қызметін атқарды. 2004 жылдың ортасынан бастап аталған мекемеде Стратегиялық дамыту және риск-менеджмент департаментінің Директоры қызметін атқарды. 2008 жылдың басынан бастап «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ-да Стратегиялық дамыту және тәуекелдерді басқару бойынша Басқару директоры қызметінде жұмыс атқарды. 2012 жылдан бастап «Отан» ЖЗҚ» АҚ-да риск-менеджмент қызметінің Басшысы болып тағайындалады.
2014 жылдан бастап «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-да (2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгерді) Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды.
1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында» жоғарғы білім алған. Экономика және қаржы саласында PhD ғылыми дәрежесі бар.
КЕРИМБАЕВ
Азамат Рашидович
Қаржы директоры, Басқарма мүшесі
Сақтандыру нарығында 2007 жылдан бері, 5 жыл ішінде «НСК» Сақтандыру компаниясы» АҚ-да Стратегияны өңдеу және іске асыру бөлімінің бас маманы қызметінен «Сентрас Иншуранс» АҚ-ындағы Бизнес-сараптама бөлімінің Басшысы қызметіне дейін көтірілген.
2013 жылдан бастап «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-да (2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгерді) Қаржы директоры қызметіне тағайындалды, 2016 жылдан бастан Басқарма мүшесі болып табылады.
Компания ішінде Бизнес-сараптама департаменті, Тәуекелдікті басқару, Актуарий және Маркетинг бөлімінің қызметін қадағалайды.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығында жоғарғы білім алған. Экономика магистрі, «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша Докторлық диссертация (PhD) қорғаған.
АМИРЖАНОВ
Чингис Есетович
Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
2006 жылдан бастап Сақтандыру және несиелеу менеджері қызметінен бастап әр түрлі қаржылық ұйымдарда қызмет етіп, Корпоративтік сақтандыру департаментінің Директоры лауазымына дейін өскен.
«Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-да (2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгерді) қызметін 2009 жылы Сақтандыру және қайта сақтандыру департаментінің Директоры лауазымынан бастады.
2014 жылы Басқарушы директор, 2016 жылдан бастап Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
Андеррайтинг, Қайта сақтандыру, Корпоративті сақтандыру департаменттерінің қызметін қадағалайды.
«Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де» экономика мамандығы бойынша жоғарғы білім алған.
«Тұран» Университетінде «экономика магистрі» дәрежесін алған.
ТКАЧЕВА
Наталья Ивановна
Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің Директоры
1996 жылдан бастап ҚР ІІМ Қарағанды заң институтында, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Қарағанды медициналық академиясында қызмет істеді.
2008-2009 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы «Экополис» СҚ» АҚ-да Бас бухгалтер қызметін атқарды.
2010 жылдың басынан Қарағанды облысы бойынша «Алатау» СҚ» АҚ-ның филиалында Бас бухгалтер қызметін атқарды.
2014 жылдан бастап «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның (2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып өзгерді) Бас бухгалтері қызметіне тағайындалды.
«Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университеті және ҚР ІІМ Қарағанды заң институтында жоғарғы білім алған.