Заказать звонок
Оставить заявку
отмена
Перезвоните мне
Оставить заявку
Сізде сақтандыру жағдайы болған кезде

Сізде сақтандыру жағдайы болған кезде

Егер Сіз біздің сақтандыру компаниямызда сақтандырылсаңыз және Сізде сақтандыру жағдайы туындаса келесі әрекетті істеңіз:

1. Қобалжымаңыз, терең дем алып, сабыр етіңіз. Сіздің жауапкершілігіңіз сақтандырылған;

2. Көлігіңіздің авариялық жарығын қосыңыз;

3. Авариялық тоқтау белгісін орнатыңыз (қала/ауыл ішінде көліктен 15 метр және сырт жолда көліктен 30 метр қашықтықта қоюыңыз керек).

4. Жылдам уақытта құзырлы органдарға (ішкі істер органдарының жол полиция бөліміне, өртке қарсы қызмет, жедел медициналық көмек көрсету қызметі, апат қызметі), болған сақтандыру жағдайы туралы, жарақат алған адамдар жайлы хабар беріп, сақтандыру жағдайы болғанын құжаттарды алыңыз.

101 – өрт қызметі;

102 – полиция;

103 – жедел медициналық көмек көрсету қызметі;

104 – газ қызметі;

112 – құтқару қызметі.

5. Шығын көлемін азайту мақсатында және оларды тоқтату шараларын саналы түрде орындау, яғни жарақат алған адамдарға көмек беру және мүлікті сақтау жұмыстарын жүргізу.

6. Үш күннен кешіктірмей туындаған сақтандыру жағдайы туралы Сақтандыру компаниясына ауызша не жазбаша хабар беріңіз. Ауызша берілген хабар 72 сағат ішінде жазбаша расталуы тиіс. Егер Сақтанушы мен Сақтандырылған тұлғалар бір адам болмаған жағдайда, сақтандыру жағдайы туралы Сақтандыру компаниясына ақпарат беру Сақтандырылған тұлғаның міндеті болып табылады. Егер Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) жоғарғы міндеттерді нақты себептермен орындай алмаса, оған дәлел болатын құжаттар қажет.

7. Егер Сізде Көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру полисі болса, құзырлы орган маманының жолдамасы бойынша екі сағаттың ішінде Сіздің алкоголь ішімдіктерін және психобелсенді заттарды пайдаланбағаныңыз туралы растайтын медициналық сараптамасын өтуіңіз керек.

Егер Сіз автокөлікті ерікті сақтандырсаңыз (Авто КАСКО), медициналық сараптаманы міндетті түрде өтуіңіз керек.

8. Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемақысын алу үшін Заңда не Сақтандыру келісім-шартында қарастырылған құжаттарды тапсыру керек.

9. Көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша келесі құжаттар қажет:

1) азаматтық-құқықтық жауапкершілік үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтіру себебінен туындайтын сақтандыру полисі (оның дубликаты), полис жоқ болған жағдайда оның көшірмесі немесе Сақтандыру компанияның аты, полистің номері, берілу күні көрсетілгенін растайтын құжаттар және Сақтанушының толық аты-жөні, көліктің мемлекеттік тіркелу номері көрсетілген құжаттар;

2) сақтандыру жағдайының туындауын және зиян шеккен үшінші тұлғаның шығынының мөлшерін растайтын құжаттар (Құзырлы органның мөрімен бекітілген Үкімі және бағалау есебі);

3) зиян шеккен тұлғаның өміріне, денсаулығына зақым келгендігін, уақытша жұмысқа жарамайтындығын растайтын денсаулық сақтау мекемелерінен алынған анықтаманың көшірмесі немесе зиян шеккен тұлғаның мүгедектігін растайтын мамандырылған мекемелерден анықтама;

4) зиян шеккен тұлғаның қайтыс болуы туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;

4-1) сақтандыру төлемақысын алу үшін Пайда алушының құқығын растайтын құжат (көшірмесі) немесе көліктің мемлекеттік тіркелу номері көрсетілген құжат (тех паспорт);

4-2) бағалау жасау үшін өтініш жазу;

5) тәуелсіз эксперттің жасаған сақтандыру жағдайынан туындаған шығынның мөлшері туралы есебі;

6) Пайда алушының (жеке тұлға) жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаның уәкілетті адамына берген сенімхатының түпнұсқасы;

7) сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) шығындарды азайту немесе болдырмау мақсатында жаратқан шығындарын растайтын құжаттар – егер болып жатса;

8) Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) немесе көлікті жүргізген жүргізушінің жүргізу куәлігінің көшірмесі және көліктің тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі.

10. Автокөлікті ерікті сақтандыру (Авто КАСКО) бойынша сақтандыру шартында көрсетілген құжаттар.

  • 21
    желтоқсан 2016
    «Сәлем» сақтандыру компаниясының менеджмент жүйесі ISO 9001:2015 стандарттарына сай келеді