давайте дружить!
Заказать звонок
Оставить заявку
отмена
Перезвоните мне
Оставить заявку
Сізде сақтандыру жағдайы болған кезде

Сапа саласындағы саясат

«Сәлем» СК» АҚ (бұдан былай – Қоғам) жалпы сақтандыру саласында жеке және заңды тұлғаларға тиісті қызмет көрсету саласында сақтандыру қызметін жүзеге асырады.

«Сәлем» СК» АҚ стратегиялық міндеті – Қазақстан Республикасының сақтандыру компанияларының бірінші ондығында тұрақты орынды алу.

Қойылған мақсатқа қол жеткізудегі басым бағыт ISО 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына жауап беретін қызметтер сапасын тұрақты жақсарту болып табылады.

Қоғамның жоғарғы басшылығы өзіне келесі міндеттемелерді алады:

1. Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша қызметтердің сенімді жеткізушісі болу. Біздің жұмысымыз қолданыстағы заңнаманың нормаларын, мемлекетпен, өз серіктерімен және басқа мүдделі тұлғалармен адал, парасатты қарым-қатынасты абсолютті ұстану негізінде құрылады. Ашықтық саясаты біздің мүмкіндіктеріміз бен ниетімізді ашады және бізге түсініктік пен көмекке сенуге құқық береді.
2. ISO 9001 стандартының талаптарына жауап беретін процестер ретінде қызметті және тиісті ресурстарды ұйымдастыру және үздіксіз басқаруды қолдау.
3. Сапа менеджмент жүйесін үнемі жақсарту және нәтижелігін арттыру.
4. Осы Саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және оны өзекті күйде ұстау.

Біздің әдісіміз: Тәсілдің жүйелігі. Жүйені құру тәртібі қарапайым:

1-қадам. Бастапқыда: ақпаратты ал – талдау жаса – ережелерді шығар.
2-қадам. Ағымдағы қызметте: ақпаратты ал – талдау жаса – ережелерді қолдана отырып, шешім қабылда. Егер ережелер болмаса, «1-қадамды» қара!

Біздің құндылықтар: әр Клиент, әр Қызметкер – жоғары құндылық.

Біздің ұстанымдар:

1. Клиенттердің көзқарасы тұрғысынан орындалатын қызметтердің сапасын қарастыру.
2. Жұмыс істей отыра, Тұтынушыны қанағаттандыру туралы тұрақты ойлау. Тұтынушы – бұл Орындаушы еңбегінің нәтижелерін қолданатын тұлға. Тұтынушының пікірі – еңбектің ең дәл бағасы.
3. Артықшылықтарды нығайту, әлсіз тұстар мен тәуекелдерді жою.
4. Нәтижелерді өлшеуге қол жеткізу. Өлшеу болса, сыйақы да болады.
5. Білім мен біліктілік деңгейін арттыру. Оқу және басқаларды оқыту.
6. Жұмыста алдыңғы қатарлы, тиімді технологиялық шешімдерді қолдану.
7. Осы минуттағы мәселелерді ғана шешіп қоймай, жүйені жетілдіру.

Қоғамның жоғарғы басшылығы аталған Саясатты барлық қажетті ресурстармен қамсыздандыру бойынша міндеттемені өзіне алады, ал әр қызметкер өзінің құзыреті шегінде оны іске асыру үшін жеке жауапкершілікте болады.