Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - бұл көлік иесінің жол жүру қатысушыларының: жаяу жүргінші, жүргізуші, жолаушылар алдындағы жауапкершілігі.
Өзіңізді артық қаржылық шығындар мен көңіл-күйді бұзатын арпалыстан қорғау үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру қажет. Сонда зиян шеккендердің шағымдарын "Сәлем" сақтандыру компаниясы реттейді. Көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың шарттары мен шектеулері заңмен реттеледі.
Тарифтің мөлшері автокөліктің типі мен пайдалану мерзіміне, оны тіркеу орнына, сақтандыру жағдайының болуы не болмауы («бонус-малус» жүйесі) және бекітілген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты.