GAP-сақтандырудың әрекет ету қағидасы көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға (КҚИ АҚЖМС) өте ұқсас. Алайда соңғысынан айырмашылығы GAP-сақтандыру шеңберінде үшінші тұлғаларға (зардап шегуші тарапқа) міндетті сақтандыру бойынша төлемнен асатын залал өтеледі. Немесе, егер сақтанушы кінәлі болмаса, бірақ автомобильді жөндеу үшін жеткіліксіз қаражат алған жағдайда сақтандыру компаниясы жетіспейтін бөлігін төлейді.