Алматы, 21 желтоқсан 2016ж.
«CERT INTERNATIONAL» s.r.o. сертификаттау органы сертификаттау процедураларына сәйкес жүргізілген аудит нәтижелеріне негізделе отырып, «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ ұйымының сақтандыру/қайта сақтандыру қызметі саласындағы менеджмент жүйесі ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сай келетінін растайды.
Сертификаттау органының хабарламасында атап өтілгендей: «менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстап, ол одан әрі дамыту үшін ұйымда барлық жағдайлар жасалған. Бұл СМЖ әзірленген тиісті құжаттарының жұмыс күйінде ұсталуымен расталады. Сапа саласындағы Саясат бекітіліп, сапа саласындағы мақсаттар белгіленіп, іске асырылуда. СМЖ процестері ажыратылып, оларға сипат берілген, процестерді орындау және басқару үшін, оларға мониторинг, өлшеу және талдау жүргізу үшін қажет қағидалар мен әдістер айқындалған. Қызметтің негізгі түрін реттейтін құжаттама тексерілген. Қызмет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерлер оқытылған. Қызметкерлердің құзыреттілігі талаптарға сай келеді. СМЖ толыққанды ішкі аудит жүргізіліп, жоғары басшылық тарапынан қызметіне анализ жасалған. Мүдделі тараптар СМЖ наразылық білдірмеген».
Бұдан басқа құжатта: «ұйым нарыққа жаңа сақтандыру өнімдерін ұсына отырып, тұтынушылар мен клиенттерге бағдар алған. Жұмыскерлерінің жоғары біліктілігі мен құзыретіне қарамастан, ұйым жұмыскерлердің үнемі дамытылып, оқытылып тұруына ресурстар бөліп отырады. Қызметінде IT-технологиялар мен бағдарламалық жасақтамаларды пайдаланып, оларды дамытады. Бүкіл департаменттер мен филиалдардың жұмысына онлайн-режимде мониторинг пен бақылау жүргізеді. НҚА өзгерістерді қадағалап, Қоғамның ІНҚ тиісті өзгертулер енгізіліп, шаралар қабылдану үшін барлық жауапты тұлғаларға уақытылы хабар береді» атап өтіледі.
Еске сала кетсек, 2016 жылдың қыркүйегінде «Сәлем» Сақтандыру компаниясы» АҚ А.М. Best халықаралық рейтингтік агенттігі болжамы тұрақты С++ (шекті) қаржылық тұрақтылық рейтингі мен болжамы тұрақты эмитенттің «B» несиелік рейтингі тағайындалған болатын.
«Сәлем» Сақтандыру компаниясының бүкіл Қазақстан бойынша 36 филиалы жұмыс істейді. Бүгін де Компанияның 220 000 астам жеке және 17 000 астам заңды тұлғалардан тұратын клиенттері бар. 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Сәлем» компаниясы жинаған сақтандыру сыйлықтары бойынша 10-орында келеді.
«Сәлем» Сақтандыру компаниясы» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы және «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің тең құқылы мүше болып табылады.
![]() |
![]() |
«Сәлем» Сақтандыру компаниясы» АҚ баспасөз-қызметі
Тел.: +7 (727) 356 26 26 (ішкі 417) |