Компания 2005 жылдың 17 қазанында құрылған.
«Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ 2014 жылдың 01 шілдесінде ресми түрде «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелуі туралы №7435-1910-01-АҚ анықтамасы негізінде өзгертілді.
«Сәлем» сақтандыру компаниясы» - Қазақстан сақтандыру нарығындағы үлкен компаниялардың бірі. Республика бойынша біздің 36 бөліміміз қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күнде 2 180 000-нан аса жеке тұлғаларға және 17 000-нан аса заңды тұлғаларға қызмет көрсетудеміз.
Компания халыққа сапалы әрі қолжетімді сақтандыру қызметін көрсету арқылы қоғамның сақтандыру мәдениеті арттырып, ҚР азаматтарының жауапкершілігін дамытуда.
«Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін 2016 жылдың 26 шілдесінде берілген № 2.1.40 лицензиясы негізінде «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызмет істейді.
Компанияның қаржылық тұрақтылығы меншікті капиталдың көбеюімен, ҚР заңнамасының нормаларын қатаң сақталуымен әрі ішкі және сыртқы нарыққа қайта сақтандырудың тиімді жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Компанияның стратегиясы тұтынушының талабына сай және одан асатын қызмет көрсетуге негізделген. Клиентке білікті қызмет көрсету, шығындарды толық көлемде және барынша жылдам уақытта өтеу, оның жеке сұраныстарына зейінмен қарау «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ жұмысының басты құрылымы болып табылады